Колесо обозрения

Арман Қайназаровтың өліміне қатысты күдікті ұсталды

Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы “Адырна”-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, дерек Алатау аудандық полиция басқармасына тіркеліп, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Аталған қылмысты жасады деген күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын әлеуметтік желіде араққа салынып, көшеде түнеген ақын әрі композитор Арман Қайназаровтың видеосы тарады. Кейін өмірден озғаны да хабарланды.

Ол 4 қыркүйекте «Шаңырақ» шағын ауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп, сол күні жансақтау бөліміне түскен. Кейін оның комаға түсіп, 19 қыркүйекте көз жұмғаны хабарланды.

Казахстан

Теги

24KZ 2024 год Актобе Алматинская область Алматы Астана Казахстан Казгидромет Касым-Жомарт Токаев Китай Россия США Токаев Шымкент актуальные новости дети новости Актобе новости Казахстана новости Семея новости на сегодня новости спорта паводки погода пожар полиция прогноз погоды спорт суд футбол хабар 24