Новости

Семейде жалған номір тағып, жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Жол жүру ережесін бұзған азаматты бейнебақылау камералары арқылы анықтады.

Құжаттарын тексеру кезінде қызметкерлер жүргізушінің көлік құралына жалған мемлекеттік-тіркеу нөмірлік белгісін тағып қойғанын анықтайды.

«Көрінеу жалған немесе жалған нөмірлік белгілері бар автокөлікті басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша жүргізушінің үстінен әкімшілік іс қозғалды. Материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді», — делінген хабарламада.

Ал көлік құралы болса арнайы айып тұрағына қамалды. Жүргізушіге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады.

Сурет: ашық дереккөздерден алынған

Казахстан

Теги

24KZ 2024 год Актобе Алматинская область Алматы Астана Казахстан Казгидромет Касым-Жомарт Токаев Китай Россия США Токаев Шымкент актуальные новости дети новости Актобе новости Казахстана новости Семея новости на сегодня новости спорта паводки погода пожар полиция прогноз погоды спорт суд футбол хабар 24