О чем говорят

Елде құмар ойындар жарнамасына тыйым салынады

Қазір төртеуінде лицензияның күшін жою бойынша жұмыс жасалып жатыр. Жыл басынан бері 5 лицензия қайтарылды, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Асхат Оралов вице-министрлер, комитет төрағалары және аппарат басшысының қатысуымен осы мәселе бойынша кеңес өткізіп, осындай мәлімдеме жасады.

«Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі таңда қала көшелеріне қарайтын болсақ, елордадан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір көшеде билбордтар, баннерлерде құмар ойындардың жарнамасы тұр. Ешқандай тәртіп жоқ. Сондықтан бұнын бәрін тоқтатуымыз керек. Керек болса арнайы бұйрықтарға, заңға да өзгерістер енгізу қажет. Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек деп есептеймін.» — деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Сурет: pixabay

Казахстан

Теги

24KZ 2024 год Актобе Алматинская область Алматы Астана Казахстан Казгидромет Касым-Жомарт Токаев Китай Россия США Токаев Шымкент актуальные новости дети новости Актобе новости Казахстана новости Семея новости на сегодня новости спорта паводки погода пожар полиция прогноз погоды спорт суд футбол хабар 24