Колесо обозрения

Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы жаңартылды

Денсаулық сақтау министрлігі үлкен функционалдылық пен қолжетімділікті ескере отырып, медициналық алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты.

Түркия, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа елдердің халықаралық тәжірибесін талдауды ескере отырып, дәрі-дәрмек қобдишасының құрамына мыналар кіреді:

  • дәке таңғыштар (стерилді және стерилді емес),
  • эластикалық бинттер,
  • таңғыш пакет,
  • медициналық бұласыр,
  • доғал темір қайшы,
  • өкпені жасанды желдетуге арналған қалта маскасы,
  • таңуға арналған касынка-бандаж, құтқару көрпесі,
  • бір реттік мұз пакеті,
  • ысқырық, шам,
  • дәрі-дәрмек қобдишасына арналған футляр,
  • блокнот,
  • қарындаш,
  • дымқыл майлықтар (антисептикалық),
  • қолғаптар, шендеуіштер және зардап шеккен адамға медициналық алғашқы көмек көрсету бойынша пайдалану жөніндегі ұсынымдар.

Бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмек қобдишасы жеке қажеттіліктер мен сұранымдарға сәйкес пайдаланушының қалауы бойынша толықтырылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

«Өнеркәсіптік объектілерде дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы қолдану жөніндегі нұсқаулықты қоса бере отырып, зиянды немесе қауіпті өндірістік факторларға байланысты зардап шеккен адамның денесінің зардап шеккен учаскесін шұғыл өңдеуге арналған құралдармен (антидоттармен) толықтырылады», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінде.

Дәрі-дәрмек қобдишасының жаңа құрамы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен бекітілген.

Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Казахстан

Теги

24KZ 2024 год Актобе Алматинская область Алматы Астана Казахстан Казгидромет Касым-Жомарт Токаев Китай Россия США Токаев Шымкент актуальные новости дети новости Актобе новости Казахстана новости Семея новости на сегодня новости спорта паводки погода пожар полиция прогноз погоды спорт суд футбол хабар 24