Get In Touch

Павлодарлық кардиохирургтар сирек кездесетін дертпен ауыратын жасөспірімге ота жасады



Науқас спортпен айналыса алады, толыққанды әлеуметтік өмір салтын сақтай алады.


Кардиологиялық орталыққа 17 жастағы науқас жүректің туа біткен ақауымен және сирек кездесетін қолқа қақпақшасының патологиясымен түскен. Өкінішке қарай, науқастың өзінің жүрек қақпақшасын сақта мүмкін болмаған.


"17 жастағы бала үшін қақпақшаның ауыстырылуы қажет емес еді. Протездердің қызмет ету мерзімі 10-12 жыл, оны 27-29 жаста, одан кейін қосымша 40 жаста, 60 жаста ауыстыру үшін екінші ота жасау қажет болады", — деп түсіндірді кардиологиялық орталық.



Кардиохирургтар Россқа күрделі және сирек ота жасады. Мұнда қолқа қақпақшасының ақауларын хирургиялық емдеудің бұл түрі "алтын стандарты" өмір бойы антикоагулянттық терапияны болдырмайды. Науқас спортпен айналыса алады, толыққанды әлеуметтік өмір салтын сақтай алады.


Қазіргі таңда жасөспірім аурухананың бөлімшесінде ем алып жатыр, отадан кейін ол өзін жақсы сезінеді. Тіпті, үйіне оралуға дайындалып жүр.


Сурет: pixabay