"Көкпар" ойынының форматы жаңарды
Биылдан бастап Қазақстан чемпионатының аты да, заты өзгереді.
Мәселен, жоғары лигада ең үздік 6 команда өнер көрсетеді. Олар әр турда өзінің және қарсыласының алаңында ойнайды.
Сәйкесінше, көрермендер 30-ға жуық матч тамашалай алады. Бұған қоса, Қазақстан чемпионатының бірінші және екінші лигалары құрылып, барлық көкпар командаларына бірдей мүмкіндік берлімек.
Яғни жарысқа құжаты расталған ауылдық, аудандық, тіпті жекеменшік команда да қатыса алады. Сәйкесінше, топ жарғандары алдағы маусымнан бастап бір саты жоғарылап отырады.
"Келесі жылдан бастап жоғары лигада ойнайтын командаларға өз ипподромы болуы міндеттеледі. Сондай-ақ, жастар мен жасөспірімдер командаларын қатар дайындау туралы шарт қойылады", — деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.
Сурет: gov.kz