Get In Touch

Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты



Бұл сұраққа "Обожаю" YouTube каналының журналисі Асхат Ниязовқа берген сұхбатында жауап берді.


YouTube желісінде журналист Асхат Ниязов Абай облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай шыққан материалында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтан сұхбат алды. Бір жылдың ішінде қалада өткізілген жұмыс туралы сұрап, шаһар басшысының жалақысын да тілге тиек етті.


"Менің жалақым барлығындай (әкімдердей — авт.сөз). 930 мың теңге. Қолға. Әйелім де жұмыс істейді ", деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.



Сұхбат барысында, қала әкімінде Семейде жеке пәтері жоқ, әкімдіктен жалға берілетін үйінде тұратынын да айтты.


Сурет: видеодан скриншот