Get In Touch

Жол ережесін 32 рет бұзған. Абай облысында 1,2 миллион теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды



Айыппұл сомасы 1 225 750 теңге болады. 15 маусымда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде табылған. Семей қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны мен әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері "Субару" маркалы автокөлігін тауып, оның жүргізушісі ҚР ЖҚЕ мен Заңын бірнеше рет бұзғанын анықтаған.


Қазіргі уақытта автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.


Семей полициясы жүргізушілерге еске салады: тағайындалған айыппұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 893-бабына сәйкес есептелген сәттен бастап 30 тәуліктен кешіктірілмей төленуге тиіс.