Get In Touch

Астанадағы адамдарды кепілге алу оқиғасы: Мурадовқа қандай жаза тағайындалу мүмкін?



Астанадағы банктердің бірінде жеті адамды кепілге алған Мурадов қандай жазаға тартылуы мүмкін екені белгілі болды.


"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 261-бабы 2-бөлігі ("Кепілге алу") бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген, ол мүлкін тәркілеп немесе тәркілемей жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады", — деп хабарлады ІІМ.



Еске салайық, Kaspi.kz-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше тұрғынды кепілге алған болатын. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады.


Сурет: Tengrinews.kz