Get In Touch

Қазақстанда ұялы байланыс операторлары тарифтер бағасын көтере бастады



Бұл жөнінде олар ресми сайттарында хабарлай бастады.


"Қазақтелеком" АҚ 2023 жылғы 1 тамыздан бастап мұрағаттық тарифтер желісінің кейбір тарифтік жоспарлары бойынша тарифтердің көтерілгені туралы хабарлады.


Activ.kz ұялы байланыс операторы да 2023 жылғы 8 тамызда "Шынайы шексіз мұрағаттық", "Супер Комфорт мұрағаттық", "Сұхбат мұрағаттық" тарифтері бойынша төлем жаңартылатынын мәлімдеді.


"Бірқатар факторларға, соның ішінде экономикалық жағдайға байланысты біз тарифтік жоспарлардың бағасына кішігірім өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдауға мәжбүрміз. Бұл сіздің қаражатыңызға әсер етуі мүмкін екенін түсінеміз, сондықтан біз қосымша ресурстар мен қызметтер түрінде өтемақы ұсынамыз. Бұл өзгерістер инфрақұрылымға негізделген шығындардың өсуімен, жаңа технологиялардың іске қосылуымен және дамуымен, әлемдік логистикалық тізбектердің құлдырауы, инфляция, электр энергиясының қымбаттауы, жаңа технологияны енгізу үшін жоғары жиілік құны және компаниямыз үшін сын-қатерлер тудырған басқа да жағдайлармен байланысты. Сондықтан біз қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және сізге одан да озық технологиялар мен қызметтерді ұсыну үшін тарифтеріміздің бағаларын қайта қарауды шештік", – делінген Tele2 жариялаған хабарламада.



Beeline да 2023 жылғы 15 тамыздан бастап күнделікті пакет құны өзгеретінін хабарлады.


Сурет: pixabay