Get In Touch

Павлодар облысында ресейлік бидайды жалған құжаттармен заңсыз әкетудің сұр схемасы анықталды



Ресейлік бидай жалған шот-фактуралар бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға экспортталған.


Анықталған азамат 2021-2022 жылдар аралығында 26 мың тонна ресейлік бидайды Орталық Азия елдеріне (Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан) қазақстандық өнім деп жазылған жалған шот-фактуралар бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға экспорттаған. Осылайша, жалпы сомасы 460 млн теңгені құрайтын халықаралық транзиттік тариф бойынша тасымалдау төлемдерін төлеуден жалтарған.



Сотқа дейінгі тергеу аяқталды.


ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.


Сурет: Zakon.kz