Get In Touch

Абай облысында кәсіпкерлікті дамытуға 100 млн теңге көлемінде грант бөліңді



Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов мәлімдеді.


Оның жалпы сомасы 30 млрд теңгені құрады. Басқармасы басшысы қазір шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөлінетінін атап өтті.


— Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөледі. 496 кәсіпорын кепілдендірілген қаржыландыруға ие болды. Осы жылдың басынан бері облыстың 138 кәсіпкері 5,9 млрд теңгеге қолдау алды. Мұның бәрі — ШОБ жобалары. Барлық мемлекеттік органдармен үлкен жұмыс жүргізілуде. Жақында ғана ұлттық жоба аясында құжат қабылданды. Бүгінде сауда объектілері 3 млрд теңгеге дейін субсидия ала алады. Бұл сауда нысандары заманауи сауда нысандарына өтуі үшін қажетті құрал, — деп атап өтті Рүстем Ворошилов.




Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биыл кәсіпкерлікті дамытуға 100 млн теңге көлемінде грант бөлді. Құжаттарды қабылдауды маусымның үшінші онкүндігінде жүзеге асыру жоспарлануда.


Сурет: мybusiness.kz, Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі