Get In Touch

ҮРЖАР МЕН АЯГӨЗ АУДАНДАРЫНДА БЕНЗИН ТАПШЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ОБЛЫС ӘКІМДІГІНДЕ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ



Әлеуметтік желілерде Үржар және Аягөз аудандарында жағармайдың жетіспеушілігі туралы ақпарат таралуда.


Бұл жағдайға байланысты облыс әкімдігінде түсініктеме берілді.


Белгілі болғандай, мереке күндері Үржар ауылында бензиннің қорын азайтпау мақсатында "ҚазМұнайГаз" АҚ ЖҚС басшылығы АИ-92 маркалы бензинді бір қолға 5 000 теңгеге ғана сату туралы шешім қабылдаған болатын. Қазір жағдай тұрақты, ешқандай шектеу жоқ, деді әкімдікте.


"Бүгінгі таңда Үржар ауылындағы барлық Жағар май құю бекеттері штаттық режимде жұмыс істейді. 10 шілдеде Үржар ауданына АИ-92 маркалы 100 тонна бензин жеткізіледі деп күтілуде. Ал Аягөз ауданында 10 шілдедегі жағдай бойынша Жағар май құю бекеттері барлығы жұмысын тоқтатпай істеуде. Қалдық қоры:AИ-92 – 1 299 тонна, AИ-95 – 19 тонна, дизель отыны – 1 225 тонна, сонымен қатар 36 тонна AИ-92 маркалы бензин жеткізілді", — делінген хабарламада.



Сурет: ашық дереккөздерден алынған