Get In Touch

Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы жаңартылды



Денсаулық сақтау министрлігі үлкен функционалдылық пен қолжетімділікті ескере отырып, медициналық алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты.


Түркия, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа елдердің халықаралық тәжірибесін талдауды ескере отырып, дәрі-дәрмек қобдишасының құрамына мыналар кіреді:


  • дәке таңғыштар (стерилді және стерилді емес),
  • эластикалық бинттер,
  • таңғыш пакет,
  • медициналық бұласыр,
  • доғал темір қайшы,
  • өкпені жасанды желдетуге арналған қалта маскасы,
  • таңуға арналған касынка-бандаж, құтқару көрпесі,
  • бір реттік мұз пакеті,
  • ысқырық, шам,
  • дәрі-дәрмек қобдишасына арналған футляр,
  • блокнот,
  • қарындаш,
  • дымқыл майлықтар (антисептикалық),
  • қолғаптар, шендеуіштер және зардап шеккен адамға медициналық алғашқы көмек көрсету бойынша пайдалану жөніндегі ұсынымдар.


Бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмек қобдишасы жеке қажеттіліктер мен сұранымдарға сәйкес пайдаланушының қалауы бойынша толықтырылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.


"Өнеркәсіптік объектілерде дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы қолдану жөніндегі нұсқаулықты қоса бере отырып, зиянды немесе қауіпті өндірістік факторларға байланысты зардап шеккен адамның денесінің зардап шеккен учаскесін шұғыл өңдеуге арналған құралдармен (антидоттармен) толықтырылады", — деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінде.



Дәрі-дәрмек қобдишасының жаңа құрамы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен бекітілген.


Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі