Семейде метеп оқушылары террористік акт туралы хабарлады
Әзілқой оқушылардың ата-аналары 30 мың теңгеден айыппұл төледі.
Оқиға 17 қаңтарда орын алды. Полиция террористерді тұтқындау туралы хабарламаға байланысты мекемені қоршауға алды. Тексеру барысында ақпарат расталмады. Кейінірек мектепте террористік акт туралы жедел арнаға қоңырау шалған 13-14 жас аралығындағы екі жасөспірім хабарлағаны белгілі болды.
Сәтсіз әзіл жазаға әкелді. Арнайы қызметтерді жалған шақырғаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Екі оқушы есепке алынды, олардың мінез-құлқы енді ювеналды полиция инспекторларының бақылауында болады.
"Террористік қауіп — қатерлер туралы көрінеу жалған хабарлар тек материалдық зиян түрінде ғана емес, сонымен қатар полицияны және басқа да төтенше жағдайлар қызметтерін нақты қылмыстардан, адамдарға көмек қажет болатын нақты оқиғалардан алшақтатады және бір минуттық кідіріс біреудін өміріне тұрарлық болуы мүмкін", — деп атап өтті ПД бастығы Бектөре Сұлтан.
Сурет: ашық дереккөздерден