Get In Touch

Абай облысында 2,6 млн еуроны далаға шашты

Шетелдік компания қымбат жабдықты сатып алып, оны орналастыру үшін ангар салу бойынша шараларды қабылдаған жоқ.

Абай облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы Семей қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау желісін құру жөніндегі жобасының іске асырылуына талдау жүргізді.

2020 жылы іске қосылған жобаға қала әкімдігі және Экология министрлігі қатысты. Алайда, оны жүзеге асыру күрделі мәселелерге тап болды.

"Шетелдік компания жабдықты 2,6 млн еуроға жеткізіп, ал әкімдік шартты орындаудан шеттеліп, оны орналастыру үшін ангар салу бойынша шаралар қабылдаған жоқ. Нәтижесінде, қымбат техника екі жылдан аса пайдаланылмай, ашық жерлерде сақталған, бұл оның бұзылуына және кепілдіктің жоғалуына әкелді" — делінген хабарламада.

Осыған байланысты прокуратура ҚК 371-бабының 1-бөлігі (салғырттық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, сонымен қатар әкімшілік жобаны аяқтау және қалада қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптау жүйесін енгізу бойынша шаралар қабылдауда.

Сурет: pixabay.com