Get In Touch

Көпір астындағы жаңа қоғамдық кеңістікте байланысты даулы мәселе туындады

Әлеуметтік желіде, "Менің суреттерімді ұрлап алды", деген шағымды астаналық суретші жариялады.

Қазақстандық суретші Мағира Тілеуберлина Семей қаласында мұралдарды жасау үшін оның жұмыстарын рұқсатсыз пайдаланды, деп жазды әлеуметтік желіде.

Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында талқыға түсіп, авторлық құқықты бұзғандығын бір ауыздан айттып отыр.

Жаңа қоғамдық кеңістікте иллюстрациялар жасау кезінде авторлық құқықты бұзу жағдайы бойынша әкімдік ресми хабарлама берді.


Семей қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі осы оқиғаны реттеу үшін "AirGArt" суретшілер шығармашылық бірлестігі командасының мүшесі, сурет авторы Магира Мансуровнамен байланысқ шықты. Қазіргі уақытта авторлық құқықтың бұзылуына әкелген жағдайларды анықтау үшін тексеру жүргізілуде.

Мердігер ұйым тиісті келісімді алмай суреттерді пайдаланғаны үшін автордан кешірім сұраймыз. Осы мәселені реттеу үшін барлық шаралар қабылданады, деп жазылған әкімдіктің ресми хабараламасында.

Сурет: instagram.com/mysemey