Get In Touch

Семейде жалған номір тағып, жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды



Жол жүру ережесін бұзған азаматты бейнебақылау камералары арқылы анықтады.


Құжаттарын тексеру кезінде қызметкерлер жүргізушінің көлік құралына жалған мемлекеттік-тіркеу нөмірлік белгісін тағып қойғанын анықтайды.


"Көрінеу жалған немесе жалған нөмірлік белгілері бар автокөлікті басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша жүргізушінің үстінен әкімшілік іс қозғалды. Материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді", — делінген хабарламада.



Ал көлік құралы болса арнайы айып тұрағына қамалды. Жүргізушіге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады.


Сурет: ашық дереккөздерден алынған