Семей жастарын бос орындар жәрмеңкесіне шақыруда
Жәрмеңкеге қатысушыларға қаланың 100-ден астам кәсіпорнынан 600-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылады.
Бос орындар жәрмеңкесі жұмыссыз азаматтарға, NEET санатындағы жастарға және оқу орындарының түлектеріне арналған.
"Жәрмеңкені өткізудің мақсаты — оқушы жастарды жұмыспен қамтуға, оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыс іздеп жүрген азаматтарды ұсынылатын бос жұмыс орындарының тізімімен таныстыру. Сондай-ақ, еңбек нарығы туралы, қызметкерлерге мұқтаж кәсіпорындар, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы барынша толық ақпарат беріледі", — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жұмыс іздеушілерге әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты", "Күміс жас" жобалары, өз ісін жүзеге асыруға гранттар, кәсіптік оқыту курстары ұсынылады.
Сурет: cntv.kz