Get In Touch

Аптап ыстықта семейліктердің басынан күн өткен



Төрт семейліктің басынан күн өтіп, олар жедел жәрдем көмегіне жүгінген.


"Төрт күннің ішінде Абай облысының Жедел медициналық жәрдем станциясына 3553 шақырту түсті. Оның ішінде ауа райына байланысты қан қысымының жоғары болуы, жүрек аурулары, талма мен күн өтуі болды. Осы аралықта басынан күн өткен төрт азаматқа жедел медициналық көмек көрсетілді", — деп айтты жедел жәрдем станциясында.



Дәрігерлердің кеңесі бойынша ыстық күндері қатты суық сусын ішуге болмайды. Күн ыстықта қарапайым су немесе жеміс сусыны мен компот ішкен дұрыс. Ал шай ішетін болсаңыз, оны бөлме температурасына дейін салқындату керек.


Қазгидрометтің ақпараты бойынша Семейде 19 шілде +34+36 °C-қа дейін ыстық болады. Ал 20 шілде ауа температурасы +32 °C дейін көтеріледі, бірақ күн алабұлтты болып, жаңбыр жауады деп күтілуде.


Сурет: ашық дереккөздерден