Get In Touch

Абай облысында өрт сөндіру техникасы 30%-ға ескірген



Бұл туралы ТЖ министрі Сырып Шәріпханов айтты.


Министрдің Семейге сапары халықпен кездесуден басталды. Бір сағатқа созылған баяндамасы жалпы еліміз бойынша атқаралып жатқан жұмыс және өңірдегі жедел жағдай туралы болды.


"Облыс бойынша оқиғалардың басым бөлігін тұрмыстық және өндірістік өрттер құрайды, бұл шамамен 90%. Сырым Шәріпханов Абай облысының тұрғындарымен кездесу барысында атап өткендей, осы оқиғалардың көбі жылыту кезеңіне тиесілі", деді министр.



Журналистерге берген сұхбатында ведомство басшысы облыста өрт сндіру техникасының 30% ескіргенін айтты.


"Былтыр 242 техника алынган. 60% ЖАО калғаны республикалык бюджеттен. Бұл мәселені лизинг арқылы шешеміз. Абай облысы бойынша 30% мөшерінде ескірген техника бар, бірақ оны қолдануға әлі де болады. Олар жөндеуді талап етеді. Жоспар бойынша техниканы жаңартамыз", деп айтты Сырып Шәріпханов.



Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жағдайына келер болсақ, қазіргі уақытта жалақы мәселесін болашақта бірдіндеп көтеруді қарастыратынын айтты. Ал баспанамен қамтамасыз ету үшін әлі де бөлек арнайы бағдаралама жоқ.


"Үй мәселесін жалпы несиелеу арқылы ғана шешудеміз. Қосымша пәтер төлемдерін қарастыратын боламыз. Шешетін мәселелер бар екенін білеміз. Бірақ барлығын жоспар бойынша қарастырудамыз", деп қосты министр.