Get In Touch

Астанада боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды



Боксшыны іздеуді жүргізіп жатқан орган – Астана қаласы Есіл аудандық полиция басқармасы.


Порталдың хабарлауынша, боксшы екі күннен бері іздестірілуде. Белгілі болғандай, Бейбіт Шүменовты іздестіру шарасы Астанада 22 шілдеде тіркелгені хабарланды. Портал мәліметінше, боксшыны іздеуді жүргізіп жатқан орган – Астана қаласы Есіл аудандық полиция басқармасы.



Айта кетейік, Астанададағы сауда орталығында бокстан экс-әлем чемпионы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар адамды ұрып-соққанын жазған едік. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев растады.


Кейін боксшы Бейбіт Шүменов балалы ер адаммен не үшін төбелесіп қалғанын айтып, жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.


Сонымен қатар еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева балалы ер адамды ұрған Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша жауапқа тартуды ұсынған еді.


Сурет: instagram.com/beibutshumenov