Новости

ҰҚК есірткі зертханасын жойды

Еліміздің ҰҚК Қырғызстандағы халықаралық есірткі арнасын анықтады.

ҰҚК жедел қызметкерлері зерделеу барысында Қырғызстан Республикасындағы ірі есірткі лабораториясының жұмысы туралы ақпаратқа қол жеткізді. Халықаралық өзара әрекеттестік аясында жедел ақпарат әріптестерге жолданды.

Нәтижесінде 2023 жылғы 29 шілдеде Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Бішкек қаласының маңында синтетикалық есірткінің дайын партиясын тасымалдау үстінде жергілікті есірткі қылмысына қатысы бар топтың көшбасшысын және оның екі көмекшісін қолға түсірді.

Тінту кезінде 30 келі «мефедрон», 2.2 тонна прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіретін құрылғы табылып, тәркіленді.

Шет елдердің құзыретті органдарымен өзара әрекеттесе отырып халықаралық есірткі трафигі арналарын анықтау мен жолын кесу жұмысы жалғасуда.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Казахстан

Теги

24KZ 2024 год Актобе Алматинская область Алматы Астана Казахстан Казгидромет Касым-Жомарт Токаев Китай Россия США Токаев Шымкент актуальные новости дети новости Актобе новости Казахстана новости Семея новости на сегодня новости спорта паводки погода пожар полиция прогноз погоды спорт суд футбол хабар 24