Get In Touch

Абай облысында 2023 жылы 25 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған



Бұл туралы облыстық әкімдіктің ресми паракшасында жазылған.


Биыл бірінші тоқсаннның қорытындысына сәйкес Абай облысында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады. Азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін еңбек делдалдығы, кәсіптік оқыту, сондай-ақ жұмыс күшін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу ұсынылады. Бұдан бөлек бірқатар әкімшілік: тұрақты бос жұмыс орны немесе уақытша субсидияланатын жұмыс орындары атты бастамалар қарастырылған.


"Егерде азаматтар қажетті біліктіліктің жоқтығынан немесе мамандығына сәйкес жұмыс таба алмаса, ол кәсіптік оқуға жіберіледі. Субсидияланатын жұмыс орындары 6 түрге бөлінеді. Оның ішінде азаматтардың барлық санаттары үшін қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жас мамандар үшін: жастар практикасы, "бірінші жұмыс орны" және "ұрпақтар келісімшарты", 50 жастан асқан азаматтар үшін "Күміс жас" жобасы көзделген", делінген хабарламада.



Биыл облыста 24 926 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланса, оның 13 303 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ 35 жасқа дейінгі жастарға немесе жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге өтеусіз гранттар және шағын несиелер беру қарастырылған.


Әлеуметтік Кодекске сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қалалар мен аудандардың халықты жұмыспен қамту орталықтары Мансап орталықтарына ауыстырылды. Олардың негізгі міндеттері: жұмыссыздарды тіркеу, оларға жұмыс іздеуде және мансапты жобалауда көмек көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұсыну, халықты өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету болып табылады.


Сонымен қатар, облыста "Еңбек мобильдігі орталығы" КММ құрылды. Оның міндеті мансап орталықтарының жұмысын үйлестіру, өңірлердің деңгейінде халықты жұмыспен қамту және ішкі көші-қон мәселелерін реттеу.


Сурет: ашық дереккөздерден