Новости

Қазақстан Қытайға көбірек бидай сатуға ниетті

Қазақстан Орталық Азия елдерінің нарығын жоғалтуда, бірақ Қытайға жеткізілімдерді ұлғайту үстінде, деп хабарлайды LS.

«Азық-түлік корпорациясы» ҰК төрағасының орынбасары Самат Тенбаевтың айтуынша, соңғы екі-үш жылда Қазақстанның дәстүрлі нарығында – Орталық Азияда бидай мен қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша бәсекелестік күшеюде.

«Біз әдетте 5 млн тоннаға дейін жеткіземіз. Бірақ қазір күшейіп келе жатқан бәсекелестікке байланысты сәуір айынан бастап Қытай нарығын ашу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Негізгі тежеуші мәселе инфрақұрылым, яғни өткізу қабілеті болып табылады», — деп түсіндірді ол.

Жыл басынан бері Қытайға 500 мың тонна қазақстандық бидай жөнелтілген.

«Бұл тек “Азық-түлік корпорациясынан» ғана емес, астықты басқа фермерлер жеткізеді. Ендігі мақсат – экспорт көлемін 1 млн тоннаға дейін жеткізу. Жалпы, Қытай елі бізден 3,5 млн тоннаға дейін сатып ала алады», — деп түйіндеді «Азық-түлік корпорациясының» өкілі.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан бидайды қайда сататыны туралы инфографика дайындаған болатын. Сондай-ақ, Қазақстанда бидай мен күнбағыс тұқымдарының арзандағаны туралы ақпарат таратылды

Казахстан

Теги

24KZ 2024 год Актобе Алматинская область Алматы Астана Казахстан Казгидромет Касым-Жомарт Токаев Китай Россия США Токаев Шымкент актуальные новости дети новости Актобе новости Казахстана новости Семея новости на сегодня новости спорта паводки погода пожар полиция прогноз погоды спорт суд футбол хабар 24