Қытай Қазақстанға индустриялық жобаларды іске қосуға көмектеседі
Қытайлық инвесторлар Қазақстанға миллиардтаған долларлық жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі. Сыртқы істер министрлігінде (СІМ) LS-ке егжей-тегжейі айтылды.
Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта Kazakh Invest ұлттық компаниясында ҚХР инвесторларының қатысуымен 15 жоба бар. Олардың жалпы сомасы $2,4 млрд құрайды. Жаңа өндірістер АӨК, жаңартылатын энергия көздері, тау-кен металлургия кешені, машина жасау, металлургия, ауыл шаруашылығы машина жасау, химия саласында пайда болады.
Қазірдің өзінде $2 млрд-қа жеті жоба іске асырылуда, $375 млн-ға сегіз жоба пысықталуда.
Сонымен қатар, индустрияландыру және инвестициялар саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жобаларының тізбесіне $14,5 млрд-қа 45 жоба кіреді.
Жалпы, 2015 жылдан бастап осы тізбеден $7,3 млрд-қа 26 жоба іске қосылды. Іске асыру сатысында $2,6 млрд-қа сегіз жоба тұр. Сонымен қатар, тізімде $4,5 млрд-қа 11 пысықталып жатқан жоба бар.
Бұған дейін, LS редакциясы қытайлық инвестор Қазақстанда мыс балқыту зауытын салатынын хабарлаған болатын.