Get In Touch

Омбы–Майқапшағай трассасында жантүршігерлік жол апаты орын алды

Омбы–Майқапшағай трассасында жантүршігерлік жол апаты орын алды

Апат салдарынан төрт адам қаза тапты.

3 қазан күні Омбы–Майқапшағай трассасында бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркеліп, адам өліміне әкелді. Қайғылы жағдайлардың себебі – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу.

Қарсы жолаққа шығып, тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылғанның салдарынан төрт адам қаза тапты.

Абай облысының Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі