Get In Touch

Абай облысында ер адам өз бақшасын есірткі алқабына айналдырған



Полицейлер ауыл тұрғынынан 4,8 мыңнан астам қарасора бұтасын тәркіледі.


Старая Крепость ауылының маңына келген полиция қызметкерлері қоршалған алқапты байқап, 39 жастағы бақша иесін табады. Қазіргі уақытта істің барлық жағдайы анықталуда.


"Аталған факт бойынша ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп хабарлады Полиция Департаментінде.



Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі