Абай облысындағы орман өртіне 10 тікұшақ жұмылдырылды
Қазіргі уақытта үш учаскеде авиациялық және автомобиль техникасын пайдалана отырып өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Орман өртін сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінен-5, Қорғаныс министрлігінен-3, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен-2, яғни барлығы 10 тікұшақ жұмылдырылды. Оның ішінде 2 тікұшақ аумақты аэровизуалды ұшуды жүргізеді. Бүгінгі таңда 130 тонна судың 52 су ағызу жүзеге асырылды (барлығы 298 төгінді, 745 тонна).
Өртті сөндіруге жеке құрамның 800-ден астам адамы, 200-ден астам техника, 1 ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.
"Қазіргі уақытта авиациялық және автомобиль техникасын пайдалана отырып, үш учаскеде сөндіру жүргізілуде. Сондай-ақ 68303 ТЖМ әскери бөлімінің және Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері жекелеген ошақтарды 126 адам мөлшеріндегі рюкзактармен және мүмкіндік құралдарымен сөндіруде" — делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жалпы жану аумағы шамамен 3500 га. құрайды.
"Секундына 6-10 метр екпінді желдің болуы салдарынан, өртті сөндіру жұмыстары қиындауда. Сондай-ақ, тығыз өсетін дақылдар мен тұзды жерлердің болуы да өрттің өршуіне әсер етуде".
Аудан әкімі Е. Селихановтың шешімімен Абай облысының Бородулиха ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Өртті сөндіру жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Абай облысының "Birgemiz" волонтёрлер фронт-офисімен өрт сөндіру орындарында волонтёрлер, олардың ұйымдарының жұмысы ұйымдастырылып, үйлестірілуде.
ТЖМ мен Абай облысы ТЖД жедел штабтарының жұмысы жалғастырылуда, олардың міндеттері ТЖ аймағындағы жағдай туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау, қажетті ақпаратты беру; ТЖ күрделенуін және олардың салдарын болжау; ТЖ жою мәселелерін жедел шешу бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады. Сондай-ақ өрт орнында командалық-штабтық машинаның жұмысы жүргізілуде, — делінген хабарламада.
"Қазгидромет" деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында секундына 15-20 метрге дейін екпіні бар солтүстік-шығыс жел күтіледі.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі