ШҚО-да 29 конструктор – автокөлік заңдастырылды
22 мамырда Қазақстанда конструктор — автокөліктерді заңдастыру басталды.
Осындай үлгідегі автокөлікті алғашқылардың бірі болып заңдастырған Самар ауданың тұрғыны Хайруллин Рафхат Рашатұлы.
"Мен барлық қажетті құжаттарды жинап, заңдастыруға өтініш бердім, өтінішім мақұлданды. Кейін мені криминалистің барлық қажетті процедураларынан өту үшін Арнайы ХҚКО-ға жіберді. Екінші кезеңнен өткеннен кейін күту залында 10 минут болдым, маған заңдастырылған көлігімнің нөмірлері мен техникалық паспорт берілді", — деп бөлісті Рафхат Хайруллин.
Акция басталғаннан бастап Шығыс Қазақстанда шетелдік нөмірлері бар 3 мыңға жуық автокөлік заңдастырылды.
Еске салайық, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі