Get In Touch

Биыл Семей қаласында "Алтын белгіге" 60 оқушы үмітті

Бұл туралы білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев мәлімдеді.


"Мектеп бітірушілердің 3,1%-ы "Алтын белгі" белгісіне үміткер. Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық кезеңдерінде “Алтын белгі” мен үздік аттестатқа үміткерлер жоғары көрсеткіш көрсетуде. Қаңтар, наурыз айларында Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1417 (73,1%) оқушы қатысты.Орташа балл — 72. Қаңтар,наурыз айындағы ҰБТ нәтижелерімен жоғары оқу орнында тек ақылы негізде оқуға түсуге болады", − деп атап өтті білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев.


Семей қаласы бойынша мамыр, маусым айларында өтетін негізгі ҰБТ-ға 1668 түлек қатысады немесе 86,1%. Мамыр мен маусым айында өтетін ҰБТ-дан жоғары балл алған жас түлек білім грантына ие бола алады.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі