ШҚО-да қос азаматтық үшін 20 адам жауапқа тартылды
Республика азаматтары шетел азаматтығын өз елінде жоғалтпай алған жағдайлар жиі кездеседі.
Оның ішінде шетел азаматтығын алғаннан кейін құжаттарды уақтылы тапсырмағаны үшін 13 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың үшеуі сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылды.
"Ағымдағы жылдың мамыр айында Көші-қон қызметінің қызметкерлері өткен жылдың шілде айында басқа елдің азаматтығын алған Риддер қаласының тұрғынын анықтады, алайда ол туралы ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламаған және Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын мемлекеттік органдарға тапсырмаған", деді Полиция Департаментінде.
Ағымдағы жылдың 29 мамырында Риддер қаласының әкімшілік сотының шешімімен шетелдік әйел Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін және көші-қон заңнамасын сақтауды естеріңізге салады.
Бұзушылық болған жағдайда азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, бұл 100-ден 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылады.
Сурет: gov.kz