Биыл колледждерге қазынадан 50 мың орынға қаржы бөлінді
| Алдағы екі жылда елдегі 9-сыныптан кейін білім алушылар толықтай қажетті мамандықтарда оқитын болады. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алдағы екі жылда елдегі 9-сыныптан кейін білім алушылар толықтай қажетті мамандықтарда оқитын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2025 жылы 9-сыныптан кейінгі білім алушыларды 100% қажетті мамандықтармен даярлау көзделген. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 80% құрайды. Былтырдан бастап республикалық бюджеттен жергілікті жерлерге орындарға қаржы бөлініп отыр. 2022 жылы 45 мың орын берілсе, биыл ол 50 мың орынға жетті, — деді Ақзира Қасымова.
Еске сала кетейік, бұған дейін Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Серік Жартыбаев кімдердің үздік шетелдік компанияға жұмысқа тұру мүмкіндігі жоғары екенін айтқан болатын.

