«Екеуінің ортасына қыстырылмай, байыңды алып, жүрмейсің бе тыныш»: Кіші ұлы мен келінінің арасына түскен Айдарбекова тағы да елден оңбай сөз естіді
| Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова елдің қатаң сынының астында қалды. |
Танымал продюсерді көпшілік ұлдары мен келіндерінің арасына түседі деп жаппай сынап тастаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Көпшіліктің продюсерді жаппай сынауына ұлы Заңғар мен жас келіні Индираның тауға демалысқа бірге барған сәті себеп болған. Желіде Заңғар Нұртас:
«Көңіл күйді күтпей, өзіміз жасап жатырмыз. Бүгінгі отбасылық, ең бақытты сәттерім» деген жазба қалдырған.
Халық жастармен демалысқа бірге барған Айдарбекованы сынның астында қалдырған. Олар:
«Гүлзира тау көрмей жүрсің ба, сол жастар оңаша қыдырып келсе не бопты, екеуінің ортасына қыстырылмай,байыңды алып өзің бар», «Осы енелерді түсінбеймін, балдарын үйлендіріп қастарынан шықпайды, анасының көңіліне қарап.. .Өз күйеуің бар сонымен қыдыра берсейші, бір күні бұларда айырылысады сосын» деп жазды олар.

