Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясын шақырды
|
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді