Get In Touch

Ақтөбе облысында бір айда 33 жол апаты тіркелген

Көп жағдайда жол ережелерін сақтамайтын жүргізушілер жол-көлік оқиғаларына себеп болады.

Апаттардың негізгі себептері – жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, жүру бөлігінде қауіпсіз қашықтықты сақтамау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу.

27 шілде сағат 14:30-да Toyota Ipsum автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ырғыз ауылына қарай келе жатып, Самара – Шымкент автожолының 994-километрінде көліктің аударылуына жол берген. Апат салдарынан осы автокөліктің кәмелетке толмаған жолаушысы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Жүргізуші мен үш жолаушы Әйтеке би ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Осыған байланысты, Ақтөбе облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жолдарда қырағы болуға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.

Сурет: Polisia.kz