Он өңірде 18 жолда көлік қозғалысына тыйым салынған
18 ақпан Сағат 09:00-де қолайсыз ауа райына байланысты 10 облыста республикалық маңызы бар 18 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы KAZINFORM.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Абай облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 177 км
- «Омбы-Майқапшағай» — Қалбатау мен Боғаз арасы.
Ақмола облысында — 2 учаске, жалпы ұзындығы — 77 км
Дизельмен жүретін көліктер ғана.
- «Екатеринбург — Алматы» — Жібек жолы — Қарағанды облысы шекарасы
- «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» — Қабанбай батыр ауылынан Қарағанды облысы шекарасына дейін.
Алматы облысында — 2 учаске, жалпы ұзындығы — 99 км
- «Алматы-Тау турбазасына кіреберіс» (жүк және қоғамдық көлік үшін)
- «Алматы-Ташкент-Термез» — Жаңақұрылыс ауылы-Жамбыл облысы шекарасы (көліктің барлық түріне).
Шығыс Қазақстан облысында — бір учаске
- «Омбы-Майқапшағай» — Абай облысы шекарасынан ҚХР шекарасына дейін (көліктің барлық түріне).
Жамбыл облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 150 км
- «Алматы-Ташкент-Термез» — Алматы облысы шекарасынан Қордай ауылына дейін (көліктің барлық түріне), Кенен мен Қайнар ауылы арасы (ескі Қордай асуы арқылы жүруге болады).
Жетісу облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 100 км
- «Үшарал-Достық» — Көктұма мен Достық арасы (көліктің барлық түріне)
Қарағанды облысында - 5 учаске, жалпы ұзындығы — 1251 км
Дизельмен жүретін автокөліктерге.
- «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» — Ақмола облысы шекарасы мен Теміртау арасы
- «Қызылорда-Павлодар» — Қарағандыдан Топарға дейін
- «Екатеринбург-Алматы» — Ақмола облысы шекарасынан Балқашқа дейін.
- «Қарағанды-Аягөз — Боғаз» — Ботақара мен Қарқаралы арасы
- «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» — Павлодар облысы шекарасынан Ботақара кентіне дейін.
Қостанай облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 83 км
- «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау облысы шекарасынан Арқалыққа дейін (көліктің барлық түріне).
Павлодар облысында — 2 учаске, жалпы ұзындығы — 165 км
Шектеу тек дизельмен жүретін көліктерге.
- «Қызылорда-Павлодар» — Қарағанды облысы шекарасынан Шідертіге дейін
- «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» — Баянауыл мен Шідерті арасы.
Ұлытау облысында — 2 учаске, жалпы ұзындығы — 543 км
- «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау кентінен Қостанай облысы шекарасына дейін (көліктің барлық түріне), Жезді мен Ұлытау арасы (дизельмен жүретін көліктерге)
- «Қызылорда — Павлодар» — Жезқазған қаласынан Қарағанды облысы шекарасына дейін (дизельмен жүретін көліктерге).
Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 181 техника мен 274 адам жұмылдырылды.