Get In Touch

Астанада қарлы боран: полиция жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада қарлы боран: полиция жүргізушілерге ескерту жасады

Ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынға байланысты Астана Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардың барлығын барынша сақ болуға шақырады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ПД мәліметінше, бір түнде елордада 44 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

"Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдықты, қауіпсіз арақашықтықты, маневр жасау ережелерін және бүйірлік интервалдарды қатаң сақтаңыз. Көлік жүргізушілері кенеттен маневр жасаудан және көлікті тежеуден аулақ болуы керек, бұл қазіргі ауа райы жағдайында көлік тізгініне ие болмай қалу қаупіне әкелуі мүмкін", — деді ПД өкілдері.