Get In Touch

Астанадан Антальяға жаңа әуерейсі іске қосылды



Алғашқы рейс 4 маусымда Boeing 737-800 ұшағында орындалды.


"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы рейс 4 маусымда Boeing 737-800 ұшағында орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды.


"Ұшақты дәстүр бойынша "су аркасымен" қарсы алды. Бұдан былай Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізіндегі курорты арасында аптасына екі рет - сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей әуеқатынасы жүзеге асырылатын болады", — делінген хабарламада.



Boeing 737-800 ұшағы 189 орынға арналған. Жоғары жолаушылар ағынын сақтай отырып, әуекомпания ағымдағы жылдың шілде айынан бастап ұшақты 300-ден астам жолаушы орыны бар Boeing 777-300ER-ге ауыстыруды жоспарлап отыр.


Сурет "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметінен