Get In Touch

Абай облысының полицейлері мас жүргізуші жайында хабарлаған тұрғынға алғыс білдірді

Абай облысының полицейлері мас жүргізуші жайында хабарлаған тұрғынға алғыс білдірді

Осы жылдың 16 желтоқсанында облыс орталығындағы аулалардың бірінде LEXUS жүргізушісі мас күйде көлік басқарғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Патрульдік полиция батальоны ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 9-бөлігі (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған 32 жастағы жүргізушісін ұстады.

Аталған баптың санкциясымен жүргізуші жиырма бес тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Көлік құралы мамандандырылған тұраққа қамалды.

– Абай облысы полиция департаменті күдікті көлік туралы хабарлаған азаматқа алғысын білдіреді. Ол өз әрекетімен ықтимал ауыр апаттың алдын алуға көмектесті, – деді патрульдік полиция батальонының командирі Мерхат Калелов.

Мұндай нәрсе қоғамдық өмірдің нормасына айналуы керек. Бұл идеяның негізгі қағидасы бүкіл қоғамды шоғырландыру және ондағы кез-келген бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру болуы керек. Отбасындағы, көшедегі, ұжымдағы әрбір адамның заңды мінез-құлқы тұтастай алғанда заңдылықтың жай-күйіне оң әсер ететіні сөзсіз.

Сурет: Polisia.kz