Get In Touch

Қазақстандағы зейнетақы жүйесін реформалау қажет - Ұлттық банк басшысы

Қазақстандағы зейнетақы жүйесін реформалау қажет - Ұлттық банк басшысы

Қазақстандағы зейнетақы жүйесіне реформа қажет. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов осылай деп мәлімеді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Реформалау қажет екенін айта отырып, Сүлейменов Еңбек министрлігі мен Ұлттық банк есебіне сілтеме жасады.

“Зейнетақы жүйемізге реформа қажет деп ойлаймын. Қазіргі жүйе әзірге бүгінгі күннің сұраныстарына сай келіп тұр, бірақ Еңбек министрлігінің де, Ұлттық банк есептеулері де болашақта оған реформа қажет екенін көрсетті”, – деді Сүлейменов брифингте.

Ұлттық банк басшысының сөзінше, қазіргі жүйенің құрылымы болашақта зейнеткерлерге көп төлем алуға мүмкіндік бермейді.

“Сол себепті зейнетақы жүйесіне реформа қажет. Қазір, жедел арада деп тұрған жоқпын, бірақ болашақта керек. Біздің ұзақмерзімді жоспарымыз өзгерістер қажет екенін көрсетіп тұр. Оны Еңбек министрлігі де жақсы түсініп отыр. Қаржы нарығындағы, әсіресе осы іспен айналысқан әріптестер де өте жақсы біледі”, – деп толықтырды Сүлейменов.

Еске сала кетейік, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің 316 миллиард теңгесі кәріз-тазарту нысандарын салуға жұмсалғалы жатыр.