Get In Touch

Әлемнің 26 елінің радиостанциялары өздері қоятын музыкалар тізіміне қазақ күйлерін енгізді

Әлемнің 26 елінің радиостанциялары өздері қоятын музыкалар тізіміне қазақ күйлерін енгізді

Құрманғазы атындағы оркестрдің орындауындағы күй бес құрлықтың танымал радиостанцияларының эфирінде орындалып жатыр.

Министр алғаш рет әлемнің радиостанциялары Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, өз радио тыңдармандарына атақты қазақ күйлерін ұсынатынын айтады.

"Құрманғазы атындағы оркестрдің орындауындағы күмбірлеген домбыраның әуезді үні бес құрлықтың танымал радиостанцияларының эфирінде орындалып жатыр. Ұлы дала музыкасы көктем мерекесінің ғажайып атмосферасын қалыптастырып, бүкіл әлемге ізгіліктің шуақты нұрын шашты", — дейді ресми өкіл.

Оның айтуынша, қазақ күйлерін Вьетнам, Таиланд, Малайзия, Индонезия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Иран, Эфиопия, Оңтүстік Африка Республикасы, Марокко, Түркия, Грузия, Болгария, Сербия, Хорватия, Литва, Латвия, Мажарстан, Польша,Испания, Бразилия және АҚШ елдерінің радиостанциялары таратады.

Айта кетсек, биыл Наурыз мейрамын Қазақстан халқы бес күн бойы тойлайды.

Сурет: pixabay