Get In Touch

Қазақстаннан ұшатын ең танымал он рейс аталды

Қазақстаннан ұшатын ең танымал он рейс аталды

Қазіргі уақытта Қазақстаннан 32 елге тұрақты халықаралық рейстер орындалады.

"Қазіргі уақытта Қазақстаннан аптасына 778 рейс жиілігімен 132 бағыт бойынша 32 елге тұрақты халықаралық рейстер орындалады (қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар орындайды –авт.еск.). Оның ішінде ең көп рейс жасалатын 10 бағыт: Түркия, Ресей, БАӘ, Грузия, Египет, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан, Үндістан және Германия", – делінген ведомствоның редакцияның ресми сұрауына берген жауабында.

Осылайша, Қазақстаннан ең көп рейстер Түркияға, одан кейін Ресейге, одан әрі Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшады.

"Бүгінде Қазақстанның әлемнің 32 елімен тікелей әуе қатынасы бар – Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Үндістан, Иран, Италия, Қатар, Қытай, Кувейт, Қырғызстан, Малайзия, Чехия, Моңғолия, Нидерланды, БАӘ, Польша, Ресей, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Мальдив аралдары, Бахрейн, Черногория, Греция", — деп хабарлады Көлік министрлігі.

Сурет: ашық дереккөздерден