Полицейлер отбасындағы адам өлімі: айыпталушы алқабилер сотынан бас тартты
|
Қостанай сотына әйелін өлтірді деп айыпталған полицейге қатысты қылмыстық іс келіп түсті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасайды.
Жәбірленуші тарап соттың ашық өтуіне қарсы болған. Іс Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Полицейге құқық қорғау органдарында жұмыс істеген әйелін өлтірді деген айып тағылып отыр. Алдын ала сот отырысында жәбірленуші тарап істі жабық режимде қарауды сұраған.
"Сот жәбірленушінің істі жабық режимде қарау туралы өтінішін қанағаттандырды. Судья Қылмыстық-процестік кодекстің 24-бабын ескере отырып, іске қатысушы адамдардың өмірінің интим жақтары туралы мәліметтердің жариялануына жол бермеу үшін істі жабық қарауды негізді деп санайды", — делінген Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарламасында.
Сотталушы істі алқабилердің қарауынан бас тартқаны белгілі. Полиция қызметкерінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қаралады. Ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салайық, былтыр қарашада Қостанай облысында полиция қызметкері қаза тапқан болатын. Оның полицей күйеуі адам өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұған дейін ерлі-зайыпты отбасылық қарым-қатынастары жақсы болмағандықтан ажырасуды жоспарлап жүргені хабарланған болатын. Қайғылы жағдайдан кейін екі бала анасыз қалды.