Get In Touch

Қазақстанда доллар бағамы тағы өсті

Қазақстанда доллар бағамы тағы өсті

22 қазанда доллар бағасы өсті

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,44 теңгеге көтеріліп, 484,19 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 22 қазандағы ресми бағамы — 481,68 теңге .

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 485,07 теңгеге, сатылымы 487,58 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 483,02 теңгеден сатып алынып, 488,02 теңгеден сатылып жатыр.

Сурет: pixabay.com