Get In Touch

Абай облысында қаңтар оқиғасына байланысты екі іс қаралуда



Олар әзірге заңды күшіне енген жоқ


Абай облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Назгуля Абдуалиеваның айтуынша қаңтар оқиғасына байланысты екі іс қаралуда.


"Қаңтардағы оқиғаларға қатысты істерге келер болсақ, қазіргі уақытта бізде бір іс алғашқы инстанцияда қарау сатысында, тағы бір іс апелляциялық сатыдағы сотта тұр" – деді Назгуля Абдуалиева.



Бұл істер әлі заңды күшіне енбегендіктен, басқа ақпарат жариялауға келмейді, деп қосты сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы.


Айта кетейік, бүгінде Абай облысында 20 сот бар. Ең соңғысы болып тергеу соты жұмысын бастады.


Бақытгүл ҚАЗЕЗ