Get In Touch

Көктайғақ, қар және жаңбыр: Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Көктайғақ, қар және жаңбыр: Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы демалыс күндері республиканың басым бөлігінде ауа-райы бұзылады

Атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Тек республиканың шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

"Республика бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде — көктайғақ, оңтүстікте — найзағай күтіледі. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы күндіз 5-13 жылыға дейін, шығыста, орталықта 8-18 жылыға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 15-22 жылыға дейін біртіндеп төмендейді деп күтіледі", — делінген хабарламада.

Сурет: ашық дереккөздерден