Get In Touch

Семейде жасөспірімді пышақтап кетті



Абай облысында пышақ жарақатынан жасөспірім қайтыс болды.


Тексеру барысында оның себебі жасөспірімдер арасында болған ауызша жанжал болды, арты төбелеске айналды. Нәтижесінде, 13 жасар бозбаланы пышқпен ұрған.


"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жанжалдың қатысушыларыдың барлығы анықталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша заңды процестік шешім қабылданатын болады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды", — делінген ресми хабарламада.



Қараусыздық жасөспірімдерде жазатайым оқиға немесе олардың құқық бұзушылық жасауы мүмкін екенін полиция ата-аналардың есіне салады. Тәртіп сақшылары балаларға бақылау мен жауапкершілікті күшейту және олардың қауіпсіздігі жөніндегі шараларды күшейту қажеттігін атап өтеді.


Cурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі