Семейде ер адам суға батып кетті
Жазатайым оқиға 11 шілде күні Ертіс өзенінің "Пристань" ауданында болған.
"Бір сағат ішінде құтқарушылар ер адамның жансыз денесін тапты. Іздеу жұмыстарына барлығы жеке құрамнан 4 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды", делінген хабарламада.
Айта кететін жайт, шомылу маусымы басталғаннан бері бұл жетінші қайғылы оқиға. Суға кеткендердің арасында бір бала бар.
Абай облысы ТЖД қызметкерлері еріктілер мен полиция қызметкерлерін тарта отырып, судағы қауіпсіздік шаралары туралы халықты ескерту бойынша профилактикалық рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізуде. Алайда, демалушылар қауіпсіздіктің қарапайым талаптарын елемейді, бұл қайғылы жағдайларға әкеледі, деп қосты Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Ағажаев.