Get In Touch

ҮКІМЕТ РЕЗЕРВІНЕН 8,4 МЛРД ТЕҢГЕ РИДДЕРГЕ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ МЕН ЖЕЛІЛЕРІН ЖӨНДЕУГЕ ЖІБЕРІЛЕДІ



Қаражаттың басым бөлігі жылу электр орталығын жөндеуге жұмсалады.


"Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған республикалық бюджетінде Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласына шұғыл шығыстарға көзделген резервінен жалпы сомасы 8 млрд 400 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді", — деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.



Қазандық қондырғылары мен жылу желілерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ қаржы отынмен қамтамасыз ету галереясы мен аспирациялық жүйені күрделі жөндеуге жұмсалады.Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.


Бұған дейін жылу көзінде белсенді жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны хабарланған болатын. 24 шілдедегі жағдай бойынша барлық 6 қазандық агрегатында, отын беру желісінде, турбина цехында, сондай-ақ ЖЭО ғимаратының өзінде және жылу желілерінде қайта құру жұмыстары жүргізілуде.


Сурет: tets.kz